Ауыл шаруашылығы облысының кәсіпорындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көктемгі егіс жұмыстары қарсаңында және Қазақстан Республикасының 2024-2030 жылдарға арналған Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының 17-тармағын орындау мақсатында өңірдің жұмыс берушілері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша семинарлар өткізу көзделген.

Осыған байланысты, 2025 жылғы 24 сәуірде ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Азат Ақанұлы Мұханов Ақжар және Уәлихан аудандарының кәсіпорындарымен өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша шаралар қабылдауға қатысты онлайн семинарлар өткізді.

Аталған іс-шараға жоғарыда аталған аудандар кәсіпорындарының 48 өкілі қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/982973?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді