БӘЙДІБЕК: БОРАЛДАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАҢА ӨНДІРІСТІК ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов Боралдай ауылдық округі Жыланды елді мекеніндегі “Шаян” индустриялды аймағына арнайы жұмыс сапарымен барды. Аталған аймақта 2024 жылы травертин тасын өңдеумен айналысатын “Рамирта” ЖШС құны 800 миллион теңгені құрайтын жаңа өндірістік жобаның құрылыс жұмыстарын бастады.
 
Бұл жоба индустриялды аймақтағы өндірістік әлеуетті арттырып қана қоймай, жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға да оң әсерін тигізуде. Кәсіпорынның толық іске қосылуы өңірдегі құрылыс материалдары нарығының дамуына да ықпал етіп, 44 адамды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік беріп отыр.
 
Сондай-ақ, 2025 жылы осы аймақта травертин тасын өңдейтін тағы бір ірі кәсіпорын – «Каз Травертин» ЖШС-нің орналасуы жоспарлануда. Қазіргі таңда бұл компания индустриялды аймақтан жер телімін рәсімдеу жұмыстарын жүргізуде. Жобаның жалпы құны – 1,8 миллиард теңге, ал тұрақты түрде 28 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.
 
Аталған бастамалар Боралдай ауылдық округінің экономикалық дамуына тың серпін беріп, индустриялды аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған. Жергілікті билік пен кәсіпкерлер арасындағы тығыз әріптестік нәтижесінде өңірде өнеркәсіп секторы жүйелі түрде дамып келеді.
 
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/984882?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді