
Өндіріс ауылдық кітапханасында «Бар білім – кітапта» атты танымдық ақпарат сағаты өтті. Іс-шараға мектеп оқушылары мен жас оқырмандар қатысып, кітаптың адам өміріндегі орны мен рухани дамудағы рөлін тереңірек түсінуге мүмкіндік алды. Кітапханашы оқырмандарды кітап әлеміне жетелеп, оның шексіз мүмкіндіктері жайлы әсерлі әңгіме өрбітті. Шара барысында балаларға танымдық сұрақтар қойылып, қызықты деректер ұсынылды. Қазақ әдебиетінің классикалық шығармалары мен әлем әдебиетінің озық туындылары жөнінде құнды мағлұматтар берілді. Сонымен қатар, «Кітап – білім бұлағы» атты кітап көрмесі таныстырылып, қатысушыларға кітапхана қорындағы ерекше басылымдар ұсынылды.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/982790?lang=kk
Жауап қалдыру