
Ерке Ертістің жағасындағы шаһарымыда Отан қорғаушы күні және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған спорттық жүгіру эстафета өтті.
Бұл іс-шара көп ғасырлық мемлекетіміздің әртүрлі тарихи кезеңдерінде ата-бабаларымыздың болашақ ұрпақ үшін жанын қиған ерліктеріне деген құрметтің белгісі болды. Жарыс барлық жастағы тұрғындарды біріктіріп, патриотизм мен ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын еске салды.
Іс-шара тұрғындар арасында үлкен қызығушылық тудырды: қатысушылар бірліктің, естеліктің және алғыстың ерекше рухына бөленді. Көпшілік үшін бұл жай ғана спорттық жүгіру емес, ата-бабаларымызға деген құрметтің шынайы көрінісіне айналды.
Баршаңызға қолдау мен белсенділік үшін алғыс айтамыз! Бірге болсақ, өткенімізді сақтап, оны келер ұрпаққа жеткіземіз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-pvl/press/news/details/984575?lang=kk

Жауап қалдыру