
25.04.2025 жылы Жетісу облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Ж.Е.Бексұлтанның төрағалығымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы А.А.Адылбек пен Жетісу облысының дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы істері КММ Талдау және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің маман теологы М.Нурбековтың қатысуымен семинар өтті.
Семинар Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үлгілік жоспарының 2.4 және 2.8 тармақтарының негізінде өткізіліп, іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмау мәселелері талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhetysu/press/news/details/985105?lang=kk

Жауап қалдыру