“Кітап оқитын кітапхана”

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Бөдене ауылдық кітапханасында “Кітап оқитын кітапхана” тақырыбында библиофреш өтті. Шараға жоғарғы сынып оқушылары белсене қатысты.  Библиофреш барысында оқушылар өздерінің сүйікті кітаптарымен бөлісіп, қазақ әдебиетінің озық туындылары туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, Абай, Мұхтар Әуезов сынды ұлы тұлғалардың шығармашылығына шолу жасалып, үзінділер оқылды. Шара жылы жүздесуге, рухани байытуға толы болды. Қатысушылар кітапхананың жастар үшін тек кітап алатын орын ғана емес, нағыз ой-өрісті дамытатын рухани орта екеніне тағы бір көз жеткізді.

Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/982780?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді