
Бұл – инфекциялық ауру, ол стационарда (ауруханаішілік инфекция – АІИ), емханада немесе басқа да медициналық қызмет көрсететін ұйымдарда, үй жағдайында медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, сондай-ақ кәсіби қызметіне байланысты медициналық қызметкерлерде пайда болуы мүмкін.
Медициналық ұйымдарда эпидемияға қарсы режим орнатылған, себебі санитариялық талаптар сақталмаған жағдайда науқас кез келген жұқпалы ауруды жұқтыруы мүмкін. Пациенттерді жұқпадан қорғау мақсатында барлық емдеу-диагностикалық процедураларды қауіпсіз орындау бойынша арнайы ережелер (алгоритмдер) әзірленіп, медициналық қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу әдісі енгізілген – қалдықтарды орталықтандырылған жинау, тасымалдау және жою жолға қойылған.
Медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекциялардың алдын алу шаралары
Инфекциялардың таралуының алдын алуда күтім жасайтын персоналдың қол жуу ережелерін сақтауы өте маңызды. Бұл медициналық көмекке байланысты жұқпалардың таралуын тоқтатуға және олардың пайда болу қаупін азайтуға көмектеседі.
Кәсіби аурулардың алдын алу үшін медициналық қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарын пайдаланады: халаттар, бас киімдер, бетперделер, бір реттік қолғаптар, алжапқыштар, қорғаныш көзілдіріктер мен экрандар.
Науқастар мен медициналық қызметкерлердің жұқтыру қаупі бар манипуляцияларды қауіпсіз орындау үшін персонал инфекциялық бақылау ұйымдарында тұрақты түрде оқудан, аттестациядан өтеді және біліктіліктерін арттырады.
Медициналық ұйымдарда бір реттік бұйымдарды кеңінен қолдану, заманауи жабдықтар мен дезинфекциялық құралдарды, антисептиктерді енгізу – парентералдық гепатиттерге шалдығу жағдайларын азайтуға мүмкіндік береді.
Осылайша, медициналық көмек көрсетуге байланысты жұқпалардың алдын алу шараларын сақтай отырып, емдеу-профилактикалық ұйымдарда науқастар мен персоналды ауруханаішілік инфекциялардан қорғауға болады.
«Қамысты аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы» РММ басшысының
міндетін атқарушы Сорокина А.А.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamystin-audany-akimat/press/news/details/983102?lang=kk

Жауап қалдыру