Мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдебі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдебі өте маңызды ұғым. Өйткені мемелекеттік қызметшінің тәртібі мен өзін өзі ұстауына кәсіби біліктілігіне, халықпен қарым қатынасына қарай халықтың тұтас мемлекетке деген көқарасы қалыптасады. Сондықтан елімізде мемлекеттік қызметшінің әдеп нормалары қалыптасқан. Мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуі тегіннен тегін емес. Қоғамның айнасы саналатын мемлекеттік қызметшілер өз әрекетімен басқаларға да үлгі бола білуі керек. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер әркез қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сәйкес болуға, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызметтерді кәсіби көрсете білуі тиіс. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық мәдениеті мен кәсібилігі туралы оң пікірді қалыптастыруға тырысу керек. Мемлекеттік қызметші жан-жақты дамыған үнемі салауатты өмір салтын ұстануы және отбасы құндылықтарын да насихаттауы қажет.  Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің басты міндеттерінің бірі-қызметкердің мінез-құлқының және өзге адамдармен қарым-қатынасының оңды болуын қамтамасыз ету сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды болдырмаудың алдын-алу жұмыстан тыс кезде заң бұзушылықтарға жол бермеу  болып саналады. Жұмыстан тыс уақытта мемлекеттік қызметшіге  беделін түсіретін және қоғам тарапынан сын мен айыптау тудыратын жағдаяттардан қашқақтау қажет. Сондықтан мемлекеттік қызметерлердің әдебі барлық уақытта маңызды.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі мынандай қағидаттарға негізделеді:

  1. Адал ниеттілік-қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби және жауапты қызмет ету;
  2. Адалдық-өз міндеттеріне шынай көзқарас;
  3. Әділдік-жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамастан заңды шешім қабылдау және кез келген мән жайларбойынша біржақтылық пен субективитілік себебінен адамдарды кемсітуге жол бермеу;
  4. Ашықтық-жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екендігін көрсету және өз іс-қимылының ашықтығын қамтамасыз ету;
  5. Сыпайылық-азаматтар мен әріптестере дұрыс және құрметпен қарау;
  6. Клентке бағдарлану-мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.

Мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексіне сәйкес басшы және қоластындағы қызметкер барлық тұлғалардың құқықтары, бостандықтары және заңдық мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс.Азаматтар мен әріптестерімен қарым қатынас жасау кезінде сыпайылық және әдептілік танытып мемлекеттік қызметте қарым-қатынастың жоғары болуына ат салысуы керек. Мемлекеттік қызметшілер Әдеп кодексі нормаларының барлық талаптарын қатаң сақтауға тиіс. Мемлекеттік қызметші –ұлт пен мемлекеттің бет бейнесі оның табысты жұмыс істеуінің кепілі екенін әрдайым есте ұстау қажет.

 

Халықты әлеуметтік қорғау

саласындағы реттеу және бақылау

комитетінің Қызылорда облысы

бойынша департаменті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/982763?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді