
2025 жылдың 23-і сәуір күні Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары оқу-жаттығу өткізді. Іс-шараның мақсаты – елімізге карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың әкелінуі мүмкін жағдайларға тиімді жауап беру үшін барлық қызметтердің дайындығын бағалау болды.
Оқу-жаттығу барысында санитариялық-карантиндік бақылау мамандарының және әуежайдың басқа қызметтерінің карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың әкеліну қаупін дер кезінде анықтап, алдын алу үшін үйлесімді жұмыс жасауы тексерілді.
Оқу-жаттығу шарасы тек барлық қызметтердің дайындығы мен өзара әрекеттесуін тексеруге ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағында азаматтардың денсаулығын қорғау және карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың таралуының алдын алу үшін кәсіби дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/983087?lang=kk

Жауап қалдыру