
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда бойынша өкілі Берікбол Байхожаев пен Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Асель Абдеш Болашақ университетінің заңтану мамандығы студенттеріне семинар-тренинг өткізді.
Омбудсмен өкілі студенттерге Қазақстан Республикасының Конституциясында және Республика бекіткен Халықаралық шарттарда адам және азаматтарға кепілдік берілген іргелі құқықтар, БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, “Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы” Конституциялық заңның негізгі ережелері туралы түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, Өкіл жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және жауапкершілік мәселелеріне тоқталып, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды.
Кездесу сұрақ-жауап форматында өтіп, студенттер өздерін қызықтырған мәселелер бойынша толыққанды жауап алды.
Қоғамды құқықтық тәрбиелеуге арналған мұндай іс-шаралар Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің тапсырмасы бойынша тұрақты негізде өткізіліп тұратынын айта кеткен жөн.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/985220?lang=kk

Жауап қалдыру