Өкіл Жамбыл облысы Байзақ ауданы Түймекент ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу және жеке қабылдау жүргізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 25 сәуірінде ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев Жамбыл облысының ҚХА медиаторы, Жамбыл облысының әкімдігі білім басқармасы жанындағы білім беру ұйымдарының медиаторлар кеңесінің төрайымы Ғайни Көшекбаевамен бірлесе Жамбыл облысы Байзақ ауданы Түймекент ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу және жеке қабылдау жүргізді.

Кездесуге Түймекент ауылдық округінің әкімі Канат Ерубаевич Смагулов, ауыл және ауылдық округ мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мектеп директорларының құқық, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен психологтары, ата-аналар комитетінің төрағалары мен төрайымдары, учаскелік полиция инспекторы және ауыл тұрғандары қатысты.

Кездесу барысында Өкіл Қазақстан Республикасының Конституциясының, БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, оның маңызы мен міндеті, адам мен азаматтың 40 іргелі құқықтары оларды қорғау және іске асыру тетіктері, сондай-ақ Конституцияда адам және азаматтарға кепілдік берілген құқықтар, «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңның негізгі ережелері туралы ақпараттармен бөлісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-zhambyl-oblysy/press/news/details/984879?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді