
Өскемен қаласының халықаралық әуежайында Шығыс Қазақстан бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, ШҚО бойынша Ұлттық сараптама орталығы, (ЖПБ) Өскемен-1 станциясында желілік полиция бөлімі, медициналық пункті және әуежайдың басқа да қатысы бар бөлімдерінің қызметкерлері қатысуымен әуе кемесінің бортында аса қауіпті жұқпалы ауруға (тырысқақ) күдікті науқасты анықтау кезінде іс-қимыл тактикасын пысықтау бойынша оқу-жаттығуы өткізілді.
Жұқпалы ауруды таратпау мақсатында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Әуежайдың санитариялық қызметі мен ұлттық сараптама орталығы науқастың борттағы жеке мәліметтерін тексеріп, күдік тудырған аурудың белгілері мен тарихын зерттеу үшін қажетті зертханалық жұмыстарды жүргізді.
Оқу-жаттығу барысында әуежай мен басқа да қатысы бар бөлімдердің өзара әрекеттестігі мен үйлесімділігі жоғары бағаланып, осындай жағдайларда жедел әрі тиімді әрекет етудің маңыздылығы айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/984869?lang=kk

Жауап қалдыру