Орал қаласында шахматтан «Senat Open» ІІ Ашық кубогының он бірінші іріктеу кезеңі өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2025 жылдың 27 сәуірде Орал қаласында шахматтан «Senat Open» ІІ Ашық кубогының он бірінші іріктеу кезеңі өткізілді.
Шахмат — бұл тек ойын емес, сонымен қатар стратегиялық ойлауды, жоспарлауды және шығармашылықты дамытуға арналған алаң. Оның тарихы ғасырларға созылып, әлемнің түрлі мәдениеттерінде өзіндік ерекшеліктерге ие болды. Шахмат — терең мағынаға, бағаланған тарихқа және кең ауқымды мүмкіндіктерге ие. Оны тек ойын ретінде емес, сонымен қатар зияткерлік дағдыны дамыту және сапалы уақыт өткізу жолы ретінде қарастырған жөн. Шахмат ойнауға бастау алып, қарсыласыңызбен интеллектуалды бәсеке оңай емес, бірақ нәтижесінде сол бай тәжірибені алу өте қызықты!
Бүгінгі күн сондай тартыс пен қызыққа толы болды десек артық айтылған емес. Түрлі санаттар, жас ерекшеліктер бойынша өздерінің бақтарын сынаған әр қатысушы, нәтижелі күн болғандығын атап өткен болатын.
Турнирде жеңіске жеткен 35 үздік шахматшы 26 шілдеде Оралда өтетін «Батыс» жартылай финалына қатысады. Осы жартылай финалға шығудан үміткер облыстың 12 ауданы пен Орал қаласының ойыншылары сайысқа түседі деп күтілуде.
Бірінші «Senat Open» Ашық кубогы 2024 жылы өтті. Оған Қазақстанның әр түрлі өңірінде 2000-нан астам шахмат әуесқойы қатысты. Осынау ауқымды жарыс өткізу идеясын ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев ұсынған болатын. Ал Қазақстан шахмат федерациясының (KazChess) президенті Тимур Турлов бұл бастаманы қолдаған болатын.
 
Іріктеу сайысында жалпы командалық есепте:
🥇Орал қаласы
🥈Бөрлі ауданы
🥉Казталов ауданы иеленді.
 
60 жастан асқан қатысушылар арасында:
🥇Жұмабаев Таир
🥈Қадырғалиев Нұрболат
🥉Величко Александр
 
Әйелдер арасында:
🥇Искова Надежда
🥈Жардемова Альбина
🥉Казимова Гүлсара
 
Депутаттар арасында:
🥇Дудниченков Михайл
🥈Исан Ерболат
🥉Жаналиев Дархан
 
Қоғамдық кеңес мүшелерінің арасында:
🥇Нигметов Сисенғали
🥈Макеев Бақтығали
🥉Мүбарак Өтеген
 
Мемлекеттік қызметшілер арасында:
🥇Сапиев Ерлан
🥈Шүкірғалиев Ербол
🥉Жапаков Әділет
 
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында:
🥇Ищанов Рүстем
🥈Кухаев Біржан
🥉Шыңғалиев Бауыржан
Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз👏👏👏

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/984560?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді