Прокурорлар 7 мың қорап пиротехникалы бұйымдардың тәркіленуін қамтамасыз етті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2024 жылдың желтоқсан айында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Қарасай ауданында орналасқан қоймалардың бірінен тиісті рұқсат құжаттарынсыз заңсыз сақталған 7 мың қорап пиротехникалық бұйымдарды анықтады.

Анықталған құқықбұзушылықтарға қарамастан, сот қойма иесіне қатысты әкімшілік істі заңсыз түрде тоқтатып, тәркіленген пиротехникалық өнімдерді қайтару туралы шешім қабылдаған.

Аталған сот шешімімен келіспеген Қарасай ауданының прокуратурасы апелляциялық тәртіппен шағым түсірді.

Апелляциялық қарау нәтижесінде бірінші сатыдағы соттың қаулысы күшін жойып, құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Нәтижесінде жалпы құны 1 млрд теңгеден асатын 7 мың қорап пиротехникалық бұйым мемлекет пайдасына тәркіленді.

 

#Заң_мен_Тәртіп

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/984974?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді