«Qaisar» әскери-патриоттық ойындары – жастарға рух пен жауапкершілік сыйлаған тағылымды іс-шара

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Шымкент қаласының Әдістемелік орталығы мен «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен 09-11 сынып оқушылары арасында «Qaisar» әскери-патриоттық ойындары өткізілді.

Іс-шара 6506 әскери бөліміне қарасты Ақтас оқу-жаттығу полигонында ұйымдастырылып, жас сарбаздар «Сарбаз жолы» тактикалық кедергілер жолағы, мини-эстафета, «Мерген ару», «Рухты Сарбаз» ұлттық ойындары сияқты бірнеше кезең бойынша бақтарын сынады.

Жобаның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіру, әскери рухты қалыптастырып, оларды ел қорғау жолындағы қасиетті міндетке рухани түрде дайындау.

Іс-шараға 22 жалпы білім беру ұйымынан 110 оқушы қатысып, шын мықтылар іріктеліп шықты. Олар алда Қарағанды қаласында өтетін республикалық «Qaisar» әскери-патриоттық ойындарында Шымкент қаласының намысын қорғайтын болады.

Жеңімпаздар:
1 орын – Алпамыс батыр атындағы №40 мектеп-гимназиясы
2 орын – №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта мектеп
3 орын – А.Назарбеков атындағы №87 жалпы орта мектеп

Арнайы номинациялар:
«Сарбаз жолы» – Жолдас Дархан
«Мерген ару» – Иман Асемай
«Рухты Сарбаз» – №122 жалпы орта мектеп
«Үздік жетекші» – Олжас Исмаилович
Әдістемелік орталық жас ұрпақтың тәрбиесіне бағытталған осындай іс-шараларды әрқашан қолдайды және жастарымыздың жеңісті рухына сенім артады!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/982945?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді