Қазақстан Бакуде өткен 3-ші министрлік конференциясында Алматы процесіне төрағалықты қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев Баку қаласында өткен Алматы процесінің 3-ші министрлік конференциясына Қазақстандық делегацияны бастап барды. Делегация құрамына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Сыртқы істер министрлігінің, сондай-ақ басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. 

Конференция барысында көші-қон және босқындарды қорғау саласындағы негізгі мәселелер талқыланды. Іс-шара қорытындысы бойынша Алматы процесіне төрағалық ету 2025-2027 жылдарға ресми түрде Қазақстан Республикасына берілді.

Алматы процесі 2013 жылы құрылған және бес қатысушы мемлекетті – Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркияны, сондай-ақ Иран, Италия, Түркіменстан, Пәкістан, Өзбекстан мен Түркі мемлекеттері ұйымын қоса алғанда, бірқатар бақылаушы мемлекеттерді біріктіретін өңірлік диалог платформасы болып табылады.

Қатысушылар Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік көші-қон қызметі тұлғасындағы екі жылдық төрағалығын қорытындылады, 2023-2024 жылдардағы бірлескен жұмыстың нәтижелерін және реттелмеген көші-қон, климаттың өзгеруі және мигранттар мен босқындардың құқықтарын қорғау саласындағы әріптестікті тереңдету қажеттігі сияқты ағымдағы сын-тегеуріндерді талқылады.

Конференцияда сөз сөйлеген Асқарбек Ертаев көші-қон мәселелері құрмет, ынтымақтастық және әріптестік қағидаттарына негізделген келісілген шешімдерді талап ететінін атап өтті.

«Қазақстан үшін Алматы процесіне қатысу және төрағалықты беру – бұл әріптестікті нығайту және өңірде гуманитарлық және қауіпсіз көші-қон архитектурасын құруға үлес қосу мүмкіндігі», – деп атап өтті вице-министр.

Ол сондай-ақ Әзербайжан тарапына тиімді басшылық жасағаны үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстанның басталған жұмысты жалғастыруға дайындығын растады.

Қазақстандық тарап төрағалықтың алдағы кезеңіне арналған басымдықтарды белгіледі, олардың ішінде: басқа көші-қон диалогтарымен әріптестікті кеңейту, көші-қонды басқаруда цифрлық шешімдерді дамыту, мигранттардың осал санаттарын қорғауды күшейту, сондай-ақ үйлестіру және мониторинг тетіктерін нығайту.

Конференцияның соңғы кезеңі Баку декларациясын қабылдау болды, онда қатысушы елдердің көші-қон мәселелері бойынша тұрақты өңірлік платформа ретінде Алматы процесін нығайтуға жалпы көзқарастары тіркелді. Құжатта көші-қон күн тәртібін орнықты даму стратегиясына интеграциялаудың, көші-қон деректерінің қазіргі заманғы жүйелерін дамытудың, ақпарат алмасу үшін цифрлық платформалар құрудың және көші-қон саясатындағы климаттық факторларды есепке алудың маңыздылығы атап көрсетілген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/982992?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді