
Облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы «Тілдерді оқыту орталығы» ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 16-18 сәуір аралығында «Қазтест» жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу өтті.
Тестілеуді облыс бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйым қызметкерлері, «ҚТЖ»ҰК»АҚ «Жамбыл облысы бойынша магистралдық желі бөлімшесі» филиалы, 5513 әскери бөлімі, 14157 әскери бөлімі, ҚР ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаменті, ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері тапсырды.
Диагностикалық тестке жалпы 540 адам қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-cultura-arhiv/press/news/details/985140?lang=kk

Жауап қалдыру