
2025 жылы 23 сәуірде Астана қаласының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхамғали Арыспаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Астана қаласы бойынша департаментінің өкілінің қатысуымен Департамент және аудандық басқармалардың мамандарымен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін – өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін өтініштерді тіркеу, есепке алу қағидалары және «Электрондық өтініштер» ақпараттық талдау жүйесін жүргізудің дұрыстығы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын қосымша зерделеу бойынша семинар-сабақ өткізілді.
Семинар барысында семинарға қатысушылар практикалық дағдыларға ие болды, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, тиісті жауаптар алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-astana/press/news/details/982729?lang=kk
Жауап қалдыру