
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аясында “Шаңырақ” орталығының волонтерлары соғыс ардагерінің мәңгілік мекенін тазалап, айналасын тәртіпке келтіруге көмектесті.
Бұл игі іс – ерлікпен елін қорғаған ардагерге деген шынайы алғысымыздың бір көрінісі. Волонтерлар мұндай шаралардың жастар үшін тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті. Батырларымыздың ерлігі мен өмір жолын ұмытпау – келешек ұрпақтың қасиетті борышы.
Осылайша, жас буын өкілдері ерлікке тағзым етіп, Отан қорғаушыларын мәңгі есте сақтау керектігін тағы бір мәрте еске салды.
Жастар алдағы уақытта да осындай тағылымды шараларды жалғастыруға ниетті. Өйткені ел үшін жанын қиған батырлардың есімін жаңғырту – әр азаматтың парызы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-temirtau/press/news/details/983272?lang=kk

Жауап қалдыру