ШҚО-да «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық флешмобы бастау алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

                                                                                                  ШҚО-да «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық флешмобы бастау алды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 2025 жылды Құқық бұзушылықтардың алдын алу жылы деп жариялауына және Полиция күні қарсаңында еліміз бойынша «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты челлендж-флешмоб форматындағы республикалық акция басталды.

Аталған бастама отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға, полицияға деген сенімді арттыруға, ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамытуға, сондай-ақ отбасындағы сыйластық, өзара қолдау мен үйлесім құндылықтарын насихаттауға бағытталған.

Бұл акцияны алғашқылардың бірі болып 21 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы қолдап, челленджді бастап кетті. Эстафета Абай облысының полициясына жолданды.

Жоба қоғам назарын тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне аударуға, сондай-ақ мемлекет, қоғамдық ұйымдар мен отбасылардың бірлескен күш-жігерінің қауіпсіз әрі әділетті орта қалыптастырудағы маңыздылығын көрсетуге бағытталған.

                                                                                                                                                                                                               ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/984689?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді