ШҚО прокуратурасы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

          Қылмыстық ахуалдың талдауы оң динамиканы көрсетуде: Өскемен қаласында қылмыс деңгейі төмендеп келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша – 2,6%-ға, ал ағымдағы жылдың өткен кезеңінде – 13,8%-ға төмендегені байқалады.

          Бұл нәтижелер құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша үйлестірілген шаралар мен заманауи технологияларды тиімді пайдалану арқылы мүмкін болды.

        Өскемен қаласы аумағында 5 832 бейнебақылау камерасы орнатылған, олардың бір бөлігі бет-әлпетті тану функциясымен жабдықталған.

        2024 жылы осы камералардың көмегімен 16 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері, 15 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, 150-ден астам қылмыстық іс ашылды.

         Заңсыз есірткі айналымымен, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен және алаяқтықпен күреске ерекше назар аударылуда. Ақпараттық технологияларды, соның ішінде бейнебақылау жүйелерін пайдалану құқық бұзушылықтарды тиімді түрде алдын алуға және тоқтатуға мүмкіндік береді.

         «Заң мен Тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету – прокуратура органдарының басты басымдығы болып қала береді. 

 
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/982839?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді