Спартакиада қатысушылары Шымкенттің тарихи орындарымен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

       Бүгін Республикалық спартакиада аясында қатысушылар үшін танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
       Экскурсия барысында делегация мүшелері ежелгі Шымкенттің жүрегі саналатын – Цитадельге барды.
       Қатысушылар қаланың ғасырлар бойғы тарихына қанығып, археологиялық қалдықтар мен қайта жаңғыртылған сәулеттік нысандарды тамашалады. Бұл орын Шымкенттің терең мәдени тамырын паш ететін ерекше ескерткіш саналады.
       Сондай-ақ, қатысушылар мешітке арнайы барып, қазақ халқының діни-рухани мұрасымен танысты. Мешіттің сәулеттік келбеті мен рухани тыныштығы қонақтарға ерекше әсер қалдырды.
       Мұндай танымдық іс-шаралар прокуратура қызметкерлерінің ел тарихына, мәдениетіне және рухани құндылықтарына деген құрметін арттырып, патриоттық тәрбие берудің жарқын үлгісіне айналуда.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/985015?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді