Талдықорған қалалық мәслихатының №13 сайлау округі бойынша депутаты Жұмаділова Айжан Медетқызы өзінің округіндегі бірқатар нысандарды аралады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талдықорған қалалық мәслихатының №13 сайлау округі бойынша депутаты Жұмаділова Айжан Медетқызы өзінің округіндегі бірқатар нысандарды аралады.

Ол 100 адамға дейін қабылдауға есептелген ауылдық амбулатория құрылысының барысымен, сондай-ақ Өтенай ауылындағы абаттандыру және орташа жол жөндеу жұмыстарының жай-күйімен танысты. Сонымен қатар өткен жылдан бері қаржыландырылып келе жатқан «Жастар-1» тұрғын үй құрылысы аймағындағы өтпелі нысандар қаралды.

Аралау барысында депутат округке қарасты елді мекендерді суармалы сумен қамтамасыз ететін гидротехникалық құрылыстар мен арық желілерінің жай-күйіне назар аударды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-taldykorgan/press/news/details/983118?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді