
Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімімен Өскемен қаласының әкімдігінің Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейінде «Жеңіске жол» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәріс барысында департамент қызметкерлері Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі маңызды оқиғалар, майдандағы жауынгерлердің ерліктері, тыл еңбеккерлерінің үлесі және Жеңістің қазіргі заман үшін маңызы туралы айтты. Сондай-ақ жеңіске өлшеусіз үлес қосқан қазақ жауынгерлерінің батырлығы ерекше аталып өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, еліміздің тарихына, халқымыздың ерлігіне құрметпен қарауға баулу және тарихи өткенімізді зерделеуге қызығушылық ояту.
Оқушылар тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз білімдерімен бөлісті. Көптеген оқушылар соғысқа қатысқан ата-әжелері туралы әңгімелеп, тыңдаушылардың жүрегіне әсер етті.
Бұл дәріс- тарихи жадымызды сақтау мен жас ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған шаралардың маңызды бір бөлігі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/983339?lang=kk

Жауап қалдыру