Жеңістің 80 жылдығына арналған прокурорлар спартакиадасы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

       Бүгін Шымкент қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған прокуратура органдары қызметкерлерінің қатысуымен өтетін Республикалық спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
       Бас прокуратураның өкілі Бас Прокурор Берік Асыловтың құттықтау хатын оқып, бұл іс-шара ерлік, отансүйгіштік, салауатты өмір салты мен ұрпақтар сабақтастығы қағидаттарын бейнелейтінін, сондай-ақ «Адал азамат» ұстанымының негізінде жатқан адалдық пен әділеттілік құндылықтарын көрсететінін атап өтті.
       Іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген қала прокуроры Ғабит Мұқанов «Ұлы Отан соғысының естелігі – ата-бабамыздың ерлігімен байланысымыздың тірі көрінісі. Бұл – ұлттық санамыздың, құқықтық тәртіп пен қоғамдық келісімнің негізі, сондай-ақ еліміздегі заң мен тәртіптің іргетасы»екендігін айрықша белгіледі.
       Аталған іс-шаралар тек денсаулықты нығайтып қана қоймай, рухани құндылықтарды дәріптеп, прокуратура органдарының бірлігі мен кәсіби рухын арттыруға зор үлес қосады.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/982759?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді