
2025 жылдың 25 сәуір күні «Қозы Көрпеш Баян Сулу» саябағында білім бөлімі мен аудан әкімдігінің жастар орталығының ұйымдастыруларымен Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдығына арналған«Жол қозғалысының жас инспекторы» облыстық байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Әділқазылар мүшелері Аягөз ауданының ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры Тортенова Марал Оралтаевнаны,Аягөз ауданының ПБ әкімшілік полиция бөлімшесінің жол және инспекциясы тобының мемлекеттік автоинспекторы полиция капитаны Билялов Қайрат Ноғайбайұлы,орталық аурухананың психологы Ахметова Жадыра Болатбековна және мейіргер Дулат Аманкелдіұлы әділ төрешілік атқарып, жеңімпаздарды анықтады.Осы жарыстың жеңімпазы 13 мамырда Семей қаласында өтетін облыстық кезеңге жолдама алатынын ескертілді.Аягөз ауданының намысын қорғайтыны айтылды.
Жарыс 6-8 сынып оқушылары бақ сынайтын байқаудың мақсаты:
-балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын ескерту жөніндегі жұмыстарды жетілдіру және балалар жол-көлік жарақаттануының алдын алу мәселелеріне мүдделі ведомстволардың, ұйымдардың және жұртшылықтың назарын аудару;
Міндеттері: жол қозғалысы ережелері бойынша оқушылар білімінің сапасын арттыру;
білім беру ұйымдары мен ЖҚЖИ жасақтарының оқушыларға жолдарда қауіпсіздікті сақтау ережелерін насихаттау жөніндегі озық тәжірибесін қорыту;
Әділқазылар мүшелері өз орындарына жайғасып, байқау басталып кетті. Командалар жақсы дайындықпен келгендіктерін көрсете білді.
Байқаудың кезеңдеріне келетін болсақ:
1-кезең: амандасу, командасымен таныстыру, кез келген нысанда, 5 минуттан аспайды.
2-кезең: саптық байқау;
3-кезең: жол қозғалысы ережелерінің (ЖҚЕ) білгірлері;
4-кезең: жас санитар;
5-кезең: қауіпсіз дөңгелек;
Барлық кезеңдерден мүдірмей өтіп,І орынды “Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін №6 мектебі”КММ-ң командасы,”ІІ орынды «№ 4 жалпы орта білім беретін аралас мектебі»КММ-ң командасы жеңіп алса, ІІІ орынды «№1 жалпы орта білім беретін мектебі »КММ-ң командасы иеленді.
Байқаудың жүлдегерлері мен жеңімпаздары аудан әкімдігінің жастар ресурстық орталығының мақтау қағаздарымен, әр кезеңнің жүлдегерлері аудандық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталады.
Жеңімпаз команда облыстық кезеңге жолдама алады. Облыстық байқауда сәттілік!!!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/984564?lang=kk

Жауап қалдыру