🏫Қазақстан мектептерінде республикалық эвакуациялау оқу-жаттығулары өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🚨Еліміздің барлық өңірлерінде орта білім беру ұйымдарында ауқымды республикалық эвакуациялау оқу-жаттығулары ұйымдастырылды. Бұл шара ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылған SAQ жобасының қорытынды кезеңі болды. Жобаның басты мақсаты – оқушылар мен педагогтердің қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамыту.

🛡️Бүгінде еліміздің барлық аймақтарынан 17 000-нан астам оқушы мен 200-ге жуық педагог төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге қажетті практикалық білім мен дағдыларды меңгеріп үлгерді.

🎯2024 жылғы шілде айынан бастап жоба аясында:

✅ мектептер мен колледждердің оқушылары мен мұғалімдеріне арналған қауіпсіздік бойынша кешенді шаралар өткізілді,
✅ офлайн және онлайн курстар ұйымдастырылды,
✅ тестілеу мен практикалық жаттығулар өткізілді.

🔚 Бұл жұмыстың қорытынды кезеңі ретінде республикалық эвакуациялау оқу-жаттығулары өткізілді. Мектептер алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде көрсетті.

📍 Сейсмикалық қауіпті аймақтарда — Алматы мен Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы, ШҚО, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Абай және Жетісу облыстарында эвакуациялау сейсмотренировка форматында өтті. Қалған өңірлерде өрт кезінде эвакуациялау сценариі бойынша оқу-жаттығулар ұйымдастырылды.

❕Айта кетейік, жоба аясында волонтерлік клубтар құрылып, жоғары сынып оқушылары бастауыш сынып оқушыларына қауіпсіздік негіздерін интеллектуалдық ойындар, квесттер, шеберлік сабақтары және комикстер арқылы түсіндіреді.

ℹ️ Еске саламыз, SAQ жобасы Ұлттық волонтерлік желі, «Caravan of Knowledge» корпоративтік қоры, «Шеврон» энергетикалық компаниясы және ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің серіктестігінде жүзеге асырылуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-aitu-bi/press/news/details/981441?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді