
«2025 жылы әскери міндеттілерді әскери жиынға шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 20 наурыздағы № 301 бұйрығы
2025 жылы әскери міндеттілерді әскери жиынға шақыру туралы
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- 2025 жылы 3000 әскери міндетті әскери жиынға шақырылсын.
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
- осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
- осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
- осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
- Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
генерал-полковник Р. Жақсылықов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-mobil/press/news/details/981759?lang=kk

Жауап қалдыру