
3-4 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» Республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңі
2025 жылғы 18 сәуірде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының қолдауымен «Зерделі ақыл-ой дамыту мектебі» білім беру орталығы, «Абай облысының білім басқармасы» ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» КММ ұйымдастыруымен математика пәні бойынша қабілетті балаларды анықтау, математика пәніне оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру, оқушыларды математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру мақсатында Абай облысы білім беру мекемелерінің 3-4 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» Республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Семей қаласының білім беру мекемелерінің 34 оқушысы (3 сыныптар – 17 оқушы, 4 сыныптар – 17 оқушы) жүлделі орындарды иеленіп, 9 қатысушы ерекше жетістігі үшін грамотамен марапатталды. І жүлделі орынды иеленген жеңімпаздар Абай облысының командасы құрамында «Алтын сақа» олимпиадасының республикалық кезеңіне жолдама алды:
Мурат Алан (3 сынып, №6 гимназия, мұғалімі Костина Инна Александровна);
Айтимбетов Алимгер (3 сынып, №6 гимназия, мұғалімі Уалжанова Раушан Амантаевна);
Елшат Төреәлі (3 сынып, №16 Т.Аманов атындағы ЖОББМ, мұғалімі Байжулданова Гульмира Бекеновна);
Жұмабай Әлинұр (3 сынып, №35 ЖОББМ, мұғалімі Дуйсенбаева Айгуль Тилегеновна);
Риза Санжар (4 сынып, Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназия, мұғалімі Нурахметова Жанар Борамовна);
Молдагали Байжан (4 сынып, №6 гимназия, мұғалімі Четыркина Ольга Александровна);
Қуанышбекұлы Нұрислам (4 сынып, Қ.Рысқұлбеков атындағы №33 ЖОББМ, мұғалімі Аринова Қаламқас Базкенқызы);
Әубәкір Әмір (4 сынып, Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназия, мұғалімі Шумакова Салтанат Райхановна);
Олимпиаданың қорытындысы бойынша командалық есепте Семей қаласының командасы Бас жүлдені жеңіп алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың ата-аналары мен ұстаздарын құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/981841?lang=kk
Жауап қалдыру