
🚨 7319 лицензиясыз бөтелке: Орал қаласында бұзушылықтары бар алкоголь өнімдері тәркіленді🚨
Акцизделетін өнімнің заңсыз айналымының жолын кесу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өзінің аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп тексеру іс-шараларын жүргізуде.
🔍 Тақырыптық тексеру барысында Орал қаласының орталық базары ауданында тиісті лицензиясыз алкоголь өнімдерін сату фактілері анықталды.
📦 нәтижесінде заңсыз айналымнан түрлі атаудағы 7319 бөтелке алкоголь өнімі тәркіленді.
📁 Бұзушылық фактілері бойынша барлық материалдар тиісті процестік шешім қабылдау үшін Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.
📢 БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті еске салады: акцизделетін өнім айналымы саласындағы заңнаманы сақтау нарықтың барлық қатысушылары үшін міндетті шарт болып табылады. Алкогольді заңсыз сату заңды бизнесті бұзып қана қоймай, тұтынушылардың денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/981885?lang=kk
Жауап қалдыру