
Қарабас ауылдық кітапханасында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған “Абай Құнанбаев – халық данасы” тақырыбында кітап көрмесі өтті. Бұл көрмеде ұлы ойшылдың шығармашылығы мен мұрасына арналған көптеген кітаптар мен жинақтар қойылды. Көрмеге келген оқушылар ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздерінен үзінді оқыды. Шара аясында кітапханашы мен оқушылар арасында пікірталас пен әдеби сұхбаттар ұйымдастырылып, Абайдың шығармашылық жолы мен оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесі талқыланды.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/981016?lang=kk
Жауап қалдыру