
Іс-шараға сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының аға прокуроры Р.Деканадзе, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы Алматы қаласының прокурорының көмекшісі А.Ерболұлы және Алмалы ауданы прокурорының орынбасары Ж.Төлепбергенов қатысты.
Дәріс барысында азаптауларды жасаған Алматы қаласының полиция қызметкерлеріне қатысты нақты айыптау үкімдері атап көрсетілді. Осы әрекеттерді жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын заң нормалары түсіндірілді.
ПБ жеке құрамына жедел-тергеу қызметі барысында қылмыстық процесске қатысушыларды азаптауды және оларға қатысты рұқсат етілмеген қарым-қатынас әдістерін қолданбау ұсынылды.
Азаптауларды қолданғаны үшін құқықтық салдары мен жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Аталған кездесу полиция қызметкерлерінің адамның құқықтарын сақтау, анықтау мен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жол берілмейтін әдістерін алдын-алу сұрақтарында құқықтық сауаттылықтарын арттырды.
Алматы қаласының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty/press/news/details/980715?lang=kk
Жауап қалдыру