АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🇰🇿 Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліс күн тәртібінде 6 мәселе қаралып, талқыланды.
↪️ Арендалық тұрғын-үймен қамту саласындағы атқарылған жұмыстар жайында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серғазы Қалдыбаев хабарлады. Төлеби ауданында көпқабатты тұрғын үйлерден 971 пәтер қолданысқа берілсе, ай сайын жалдау құнын төлеуі тиіс 601 пәтердің мемлекетке қарызы 85 млн теңге. 2025 жылдың үш айында 7 млн астам қаржы өндірілді. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алған азаматтардың оны заңсыз жалға берудің 41 фактісіне орай, құқық қорғау органдарына талап арыз жолданды.
↪️ Ауыз су саласындағы өзекті мәселелер туралы «Ленгір су» МКК басшысы Арнұр Ермекбай баяндады. Төлеби ауданында 12 елді мекенде ауыз су сапасын жақсартуда туындаған проблеманың шешу жолдары қарастырылды. Ауыз су тапшылығын азайтып, тұрғындардан, мекемелерден ауыз су, жылу жүйесіне қарызды өндіру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, аудан аумағындағы су құбырларын жөндеу жұмыстарын жүргізуге бөлінетін қаржыларды игеру мәселесі қаралды.
↪️ Мемлекеттік қызмет көрсету саласында атқарылған жұмыстарды аудан әкімі аппараты басшысының міндетін уақытша атқарушы Бейбіт Төлешов таныстырды. 2025 жылы жалпы 5915 қызмет көрсетілді. 3 айда 2 мемлекеттік қызметкерге 4 айыппұл салынды. Мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі әлеуметтік қолдау саласына тиесілі, жер қатынастары бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі сақталмаған.
↪️ Инвестиция тарту бағытындағы І-тоқсанның орындалуы туралы аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Асхат Райымбеков хабарлады. 2025 жылдың 3 айында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 7,046 млрд.теңге, ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция көлемі 461,87 млн теңгені құрады.
↪️ Хаттар, е-өтініш және жеке қабылдауда көтерілген сұрақтарға жауап беру мезгілі жөнінде аудан әкімі аппараты әкімшілік және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Алмас Дүйсенбеков хабарлады. Төлеби ауданы әкімінің кеңсесіне 2435 хат келген. “Е-өтініш” арқылы 41 арыз-шағым түскен. Аудан әкімінің жеке қабылдауындағы берілген тапсырмаларды мерзімінде орындамаған, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне көрсетілген уақытта жауап бермеген, мүлдем хат жолдамаған сала мамандарына шара көру ұсынылды.
↪️ Құқық қорғау органдарынан келіп түскен ұсынымдар туралы аудан әкімі аппараты заң бөлімі басшысының міндетін уақытша атқаршы Қайсар Ақылбеков баяндады.
🔰 Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.
✅ Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы күн тәртібінде айтылған негізгі мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасарларына, дербес бөлім, мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, мәселелердің іске асуын өз бақылауында ұстайтындығын жеткізді.
Сондай-ақ, аудан әкімі ауылдық округ әкімдеріне және тиісті бөлім басшыларына, кәсіпкерлікті дамыту, инвестор тарту жұмысын жалғастырып, ауыл тазалығын қамтамасыз ету қажеттігін ескертті.
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/980750?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді