Ақмолалық оқушылардың халықаралық робототехника аренасында жұлдыздары жанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркияда өткен «Fibonacci International Robot Olympiad» халықаралық олимпиадасына 16-20 сәуір аралығында 12 елден (Қазақстан, Филиппин, Италия, Түркия, Өзбекстан, Иран, Эстония, Әзірбайжан, Греция, Тәжікстан, Румыния, Кипр) 500 команда жиналды. Олардың арасында Ақмола облысының командалары керемет өнер көрсетіп, Қазақстанды абыроймен таныстырды.

«Autonomous Car» санатында І орын:

Нұржас Айтжан, Ілияс Айтжан, Әміржан Қайыржанов;

Жетекшісі: Данагүл Қажығалиева.

«Lego Line Following» санатында ІІ орын:

Әуез Амантай, Мадияр Қайрат;

Жетекшісі: Нұржан Әбілжанов.

«Lego Line Following» санатында ІІІ орын:

Айтжан Нұржас, Айтжан Ілияс, Қайыржанов Әміржан;

Жетекшісі: Данагүл Қажығалиева.

«Lego Line Following» санатындағы ІV орын және қазылар алқасының арнайы жүлдесін – Ілияс Асанбай, Әміржан Белгібай, Нұржігіт Кәдірбай,Қайрат Қайырбек, Ерасыл Жеңіс иеленді.

Жетекшісі: Нұржан Әбілжанов.            

Сондай-ақ, «Lego Line Following» санатында Макинск қаласындағы Балуан Шолақ атындағы мектептің 2-сынып оқушысы Абдурахман Бегзан қараша айында Римде өтетін әлемдік финалға қатысуға жолдама және арнайы қазылар алқасының жүлдесімен марапатталды.

«LEGO Line» санатында І орын:

Махмет Мансур, Орал Інжу;

Жетекшісі: Даниал Мұсахмет.       

«3 кг SUMO» санатында ІІІ орын:

Арсен Байзақов;

Жетекшісі: Даниал Мұсахмет.   

«1 кг SUMO» санатында Қосшы қаласындағы «Jana Beles» жеке меншік балаларды дамыту орталығының білім алушылары Өмірәлі Санжар мен Орал Хадиша үздік бестікке еніп, «July Awards» сертификатын иеленді.

Жетекшісі: Мусахмет Даниал.                        

Жүлделі орындар мен арнайы сыйлықтарға ие болған барлық командалар Италияның Рим қаласында өтетін Әлемдік олимпиадаға жолдама жеңіп алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/980901?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді