Астанада спорттық дайындықтың ұлттық стандартын енгізу талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордада “Дене шынықтыру және спорт туралы” Қазақстан Республикасының жаңа Заңын іске асыру мәселелері бойынша семинар өтті. Іс-шараға Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің, спорт федерациялары мен бағынышты мекемелердің өкілдері қатысты.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаев сөз кезегінде жиынның маңыздылығына тоқталды.

“Мемлекет басшысы “Дене шынықтыру және спорт туралы” Заңға қол қойды. Қазіргі уақытта тиісті заңға тәуелді актілерді қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілуде. 12-бапқа сәйкес, сала үшін бірыңғай бағдар болатын спорттық даярлықтың ұлттық стандарттарын бекіту қажет”, – деді төраға орынбасары.

Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы директорының орынбасары Жұмажан Имаяқов жобаның негізгі міндеттері мен спорттық федерациялардың сұраныстарына стандартты бейімдеу тәсілдерін ұсынды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға комитеттің салалық басқармаларының мамандары жауап берді.

Жалпы семинар еліміздегі спорттық дайындықты жүйелі трансформациялаудың бір бөлігіне айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/981331?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді