Астанадағы экофестиваль: Таза болашаққа жаңа шешімдер

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 21 сәуірде Астанада Мемлекет Басшысының қатысуымен экология, қалдықтарды қайта өңдеу және тұрақты даму салаларындағы ондаған инновациялық жобаларды біріктірген ауқымды экофестиваль өтті.

Көрмеде стартаптардан бастап ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарға дейін шамамен 40 бастама таныстырылды. Олардың қатарында Алматы облысында жүзеге асырылып жатқан екі жоба бар.

Тамақ қалдықтарын қайта өңдеу жобасы
“Food Waste” ЖШС-нің бас директоры Бекежан Қайырғалиев:
«Біз тамақ қалдықтарын жинап, оларды шыбын дернәсілдеріне береміз. Олар 14 күн ішінде қалдықтарды құнды шикізатқа айналдырады. Дернәсілдерді кептіргеннен кейін біз протеин мен майдан тұратын жемдік қоспа аламыз. Бұл — жем өндірісінде қолданылатын толыққанды алмастырушы өнім.»

Алатау қаласы аумағында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтарды электр энергиясына айналдыратын зауыт
“ADC Taza A’lem” ЖШС жобасының жетекшісі Мадина Толмачева:
«Біз қалдықтарды толықтай сұрыптап, қайталама шикізатты қайта өңдейміз. Қалған қалдықтардан биогаз өндіріп, одан электр энергиясын аламыз.»

Мұндай бастамалар экологиялық технологиялардың нақты мәселелерді шеше алатынын және Қазақстанның жасыл экономикаға көшуіне үлес қосатынын көрсетеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/980620?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді