
Атырау қаласында 14–35 жас аралығындағы жастар арасында «Atyrau Youth Hackathon» инновациялық жобалар конкурсы өтеді.
Жоба білім саласындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған. Өз командаңмен кел немесе жаңа команда құрып, нақты шешім ұсын.
Іс-шара мамыр айының 3-і мен 4-і аралығында Atyrau Hub бизнес-инкубаторында өтеді.
Қатысу үшін парақшасының био-да көрсетілген сілтемеге өтіп, жобаның тұжырымдамасымен танысып, тіркеліңіз.
Еске салайық, «Atyrau Youth Hackathon» жобасы Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Ақсұңқар» Қоғамдық Қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/981883?lang=kk
Жауап қалдыру