АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ШӘКІР КЕЙКИН ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ БЕКЕТТЕРІНІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қаланың көркі – әрбір нысанның тазалығы мен тәртібінен басталады. Осы орайда Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин қалалық жанар-жағармай құю бекеттерінің өкілдерімен арнайы кездесу өткізді.

Жиынға жанармай бекеттерінің иелері, қалалық әкімдіктің дербес бөлім басшылары қатысты. Кездесу барысында қала басшысы бекеттер аумағындағы санитариялық тазалықты сақтау, арамшөптерді шабу, айналаны абаттандыру, сондай-ақ нысанның архитектуралық келбетін сақтау қажеттілігін ерекше атап өтті.

– Әлеуметтік желілерде кейбір жанар-жағармай бекеттерінің келбеті сын көтермейді деген жазбалар жиі көзге түседі. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі болуы керек. Кәсіпкер тек табыс табумен шектелмей, табыс тауып отырған мекеніне пайдасын тигізуі қажет. Жанар-жағармай бекеттері – адам көп жиналатын орын, сондықтан тазалық пен жайлылық бірінші орында тұруы тиіс– деді қала әкімі Ш.Кейкин.

Кездесу қорытындысы бойынша айтылған тапсырмаларды қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне бақылауға алу жүктелді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-atyrau/press/news/details/981073?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді