
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы 2 және 3-қосымшасы Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде “Б” корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізу жөніндегі уақытша қағидалардың 26-тармағына сәйкес бағалаушыларды іріктеу жүргізілетінін хабарлаймыз.
Бағалаушы – бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда, соның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл еңбек өтілі бар, конкурстық комиссия құрамына енгізілетін тұлға болып табылады. Сонымен қатар, бағалаушы ретінде персоналды басқару саласының мамандары мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері қатыса алады.
Осыған байланысты, білім беру саласында басқарушылық лауазымда немесе осы саладағы мемлекеттік қызметте кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар азаматтар бағалаушы ретінде іріктеуге қатысуға құқылы.
Іріктеуге қатысуға өтінімдер Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне келесі электрондық пошта арқылы қабылданады: dkso_atyrau@mail.ru, немесе төмендегі мекенжай бойынша жолдауға болады:
Атырау қаласы, В. Худин көшесі, 6-үй, 5-қатар.
Құжаттар 2025 жылғы 22-24 сәуір күндері қабылданады.
Қосымша ақпарат үшін байланыс телефондары:
8 (7122) 76-37-89, 8 (701) 114-06-90.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-atyrau/press/news/details/980928?lang=kk
Жауап қалдыру