Басқарма басшысы гольф спорт мектебінде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

           Басқарма басшысы гольф спорт мектебіне іс-сапармен барды Өңірдегі спорт мекемелерінің сапасын арттыру, инфрақұрылымды жақсарту және жастар арасында спортты кеңінен насихаттау мәселелері басты назарда. 
           21 сәуір күні Қостанай облысы әкімдігі Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дулат Советханұлы гольф спорт мектебіне жұмыс сапарымен барып қайтты. Сапар барысында мектептегі оқу-жаттығу процесінің барысы және спорт нысанының инфрақұрылымдық жай-күйімен танысты. 
           Кездесу аясында спорт мектебінің ағымдағы жобалары мен келешекке жоспарлары талқыланды. Сонымен қатар, өңірдегі спорттық кешендерді жетілдіру және жаңғырту мүмкіндіктері қарастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sport/press/news/details/980788?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді