Бөлім басшысы аудандық кітапхана ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлнар Аплесанова аудандық кітапхана ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Кездесу барысында жөндеу жұмыстарының сапасы, орындалу мерзімі талқыланды. Гүлнар Аплесанова құрылыс жұмыстарын жүргізуші мердігер ұйымның өкілдерімен сөйлесіп, жұмыстың талапқа сай әрі уақтылы аяқталуы қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, бөлім басшысы жөндеуді жүзеге асыратын жұмысшылармен діни экстремизм мен терроризмді алдын алу тақырыбында әңгіме өткізді. Қазіргі қоғамдағы қауіптер, олардың алдын алу жолдары, деструктивті діни ағымдардың белгілері мен оларға қарсы тұру әдістері түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ualikhanov-ovp/press/news/details/981762?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді