Қазақ тілі ғылым тілі ретінде дамуы үшін белгілі бір мамандыққа оқып жатқан студенттер аудиториясында аталған мәселе жан-жақты талқыланғаны, болашақ мамандық иелері алдында көтерілгені дұрыс. Осы орайда «Қазақ тілі – ғылым мен білім тілі» дәрістер топтамасы жобасы аясындағы кезекті дәріс Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінде жалғасын тапты.
Бүгін университеттің шетел тілі факультеті студенттеріне «Мемлекеттік тілдің рөлін күшейту және оның ғылым мен білім саласында қолдану аясын кеңейту» тақырыбында дәріс өтті. Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Шахина Сәуле Жұмақасқызы тақырып аясында қазақ тілінің терминжасам жүйесі, ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының терминжасам қағидаттары, қазақ тілі ғылым тіліне айналуы үшін ЖОО-да қазақ тілін оқыту мәселесіне тоқтала отырып, ұсыныстарын ортаға салды.
2023 жылдан бері жылда университет студенттері үшін өзекті тақырып аясында дәріс өткізіп, дәрістер топтамасы жобасын жүзеге асыруға қолдау көрсетіп келе жатқан кафедра ұжымына алғыс білдіріп, еңбегіне табыс тілейміз!
Жауап қалдыру