Бостандықтан айыру орындарsyда адамға ізгілікпен қарау құқығы: заң және тарих

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әрбір адам, оның мәртебесіне қарамастан, ажырамас құқықтарға ие. Соның бірі – бостандықтан айырылған орындарда адамға ізгілікпен қарау құқығы. Бұл құқық әсіресе қамауда отырған адамдар үшін маңызды, өйткені олар толықтай мемлекеттің жауапкершілігінде болады.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 17-бабына сәйкес: «Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды». Бұл қағида Қазақтан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде және Қазақтан Республикасының  «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» заңында да бекітілген.

Қазақстан БҰҰ-ның Азаптауға қарсы конвенциясына және оның Факультативтік хаттамасына қосылған. Соңғысы азаптаудың алдын алу мақсатында мекемелерге тәуелсіз тексерулер жүргізетін Ұлттық алдын алу тетігінің жұмысын қарастырады.

Тарихтан қызықты деректер:

18 ғасырдағы Ұлыбританияда түрмелер жеке кәсіпке айналған еді – тұтқындар тамаққа, суға, тіпті кісенге ақша төлейтін. Кейін Джон Говардтың бастамасымен алғаш рет гигиена мен адамға ізгілікпен қарау нормалары енгізілді.

Швеция — бүгінде ең «ізгі» пенитенциарлық жүйесі бар елдердің бірі. Мұнда тұтқындар білім алып, психологиялық көмекке және әлеуметтік бейімделуге қол жеткізе алады. Кейбір түрмелердің тіпті қоршауы да жоқ.

Нельсон Мандела түрмеде 27 жыл отырды. Оның қамаудағы жағдайы адам құқықтары үшін күрестің нышанына айналды. Ол кейін былай деген: «Ұлттың деңгейін оның құрметті азаматтарына емес, ең төмендегі – тұтқындарына қалай қарайтынына қарап бағалауға болады».

Ізгілікпен қарау – мемлекет тарапынан артықшылығы емес, міндеті. Қамаудағылардың құқықтарының сақталуы – қоғамның өркениеттілігінің көрсеткіші және ешкімнің де адамдық қадір-қасиеттен тыс қалмайтынының кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-mangystau-oblysy/press/news/details/981476?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді