ДЕПАРТАМЕНТ: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІ – ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ДЕПАРТАМЕНТ: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІ – ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

2025 жылдың 10 сәуір күні ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Рауан Жұмадулаұлы Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласында орналасқан “СБ Легион” ЖШС-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесімен таныстыру және орын алған мәселелердің алдын-алу, сонымен қатар алда келе жатқан 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Рауан Жұмадулаұлы ҚР Еңбек кодексінің 23-бабы “Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері” және 52-бабы “Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу” негіздеріне және еңбек заңнамасына қатысты көтерілген мәселелер бойынша ЖШС ұжымымен кездесу ұйымдастырып, ҚР Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/980649?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді