ДЕПАРТАМЕНТ: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІ – ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ НЕГІЗІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

  • Түркістан облысы, Созақ ауданындағы “Ақбастау” АҚ, №4 бұрғылау жер телімі аумағында орналасқан “DRILLING COMPANY” ЖШС-не 2025 жылдың 15 сәуір күні ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Сейтқазин Асқар Сейтқазыұлы өндірісте орын алған жазатайым оқиғаға байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізді.

 

  • Өндірістегі орын алған жазатайым оқиғаға байланысты жүргізілген арнайы тергеп-тексеру нәтижесімен таныстыру және орын алған мәселелердің алдын-алу, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау заңдылықтары, сонымен қатар алда келе жатқан 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Асқар Сейтқазыұлы ҚР Еңбек кодексінің 23-бабы “Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері” және 52-бабы “Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу” негіздеріне және еңбек заңнамасына қатысты көтерілген мәселелер бойынша ЖШС ұжымымен кездесу ұйымдастырып, ҚР Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/980658?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді