
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында 21-26 сәуір аралығында елімізде ауқымды экологиялық іс-шаралар өтуде.
Тақырыптық апта кеше елордада республикалық фестивальден басталды. Ашылу күні іс-шараға 500-ден астам адам қатысты.
Айта кетейік, экофестивальде «Жасыл даму» АҚ қалдықтарды қайта өңдеу, кәдеге жарату бойынша 10 стенд ұсынылған. Олардың әрқайсысына тоқталайық.
«Sparklo Kazakhstan» ЖШС стенді
Sparklo Kazakhstan -әлемнің 10 елінде жұмыс істейтін халықаралық cleantech Sparklo компаниясының бөлігі. Олардың Sparklomat өнімі-пластикалық бөтелкелер мен алюминий банкаларды қабылдауға арналған ақылды құрылғы. Оның бірегей ерекшеліктері: қайта өңделетін материалды жылдам тексеру үшін жасанды интеллект технологияларын пайдаланады және контейнерді тапсырғаны үшін пайдаланушылар бонус алады, оны күнделікті қызметтерге жұмсауға болады. Екі жыл ішінде Қазақстанның 4 қаласында 100-ден астам аппарат орнатылды.
«The FABRIQA» ЖШС стенді
The FABRIKA жобасы тоқыма қалдықтарын шүберекке айналдырады.
«KazStonebox» ЖШС стенді
Kazstonebox— экологиялық және суға төзімді тас қағаздан қалдықтарды бөлек жинауға арналған жиһаз және контейнерлер шығарады. Өнімдер берік, ылғалдан қорықпайды және ағаш пен пластикке экологиялық таза балама бола отырып, толығымен қайта өңделеді.
«Technic Destroy» ЖШС стенді
Technic Destroy литий-ионды батареяларды қайта өңдейді және бағалы металдарды (литий, кобальт, мыс) өндіріске қайтарады. Бұл қоршаған ортаның ластануын және шикізат импортына тәуелділікті азайтады.
«ECOMAF» и ТОО «Rocket Plastic»/ТОО «Recycle me» ЖШС стенді
Компания пластикті қайта өңдеп жиһаз, интерьер бұйымдары, арт-объекттер және басқа да абаттандыру элементтері сынды заттарды өндіруге маманданған. Пластмассаны жинау, сұрыптау және қайта өңдеу арқылы компания оны қоқыс полигонына жібермей, екінші өмір сылайды.
«Эйкос» ЖШС стенді
«Эйкос» ЖШС – Қазақстандағы ескі шиналарды қайта өңдеуші (Семей қаласындағы кешен) ең ірі компания. Ол шиналарды механикалық және термиялық әдістермен қайта өңдейді. Механикалық өңдеу кезінде тоқыма талшығы, металл сым және 4 фракциялы резеңке чиптер алынады. Бұл үгінділер жүгіру жолдары мен ойын алаңдарына, резеңке плиткаларға, жиектерге, шлангтарға арналған жабындар жасайды, сондай-ақ оны асфальтқа қосады.
«FOOD Waste» ЖШС стенді
Бұл Қазақстандағы тамақ қалдықтарын қайта өңдеу бойынша алғашқы кәсіпорындардың бірі. Компания шикізатты сусыздандыруды және алдын-ала ашытуды қолданады, бұның арқасында -өңдеу тек 12 күнге созылады. 5 жыл ішінде 10 мың тоннадан астам тамақ қалдықтары қайта өңделді. Одан ауыл шаруашылығындағы импорттық аналогтарды алмастыратын жүздеген тонна жем қоспалары мен тыңайтқыштар шығарылды. Осылайша, қалдықтар полигондарға жіберілмей, ал CO₂ шығарындылары 17 мың тоннаға азайды.
«ADC TAZA A’LEM» ЖШС стенді
«ADC Taza a’lem» жобасы — Алматы облысындағы қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бойынша толық циклді кешен. Ол тұрмыстық, ірі көлемді, құрылыс және басқа да қалдықтарды (полигонда жинақталған қалдықтарды қоса алғанда) қабылдап олардан биогаз және электр энергиясын өндіретін болады. Кешеннің қуаттылығы-жылына 320 мың тонна қалдықты құрайды.
«ИнтерМультиСервис» ЖШС стенді
«ИнтерМультиСервис» ЖШС-Қазақстандағы ең ірі қағаз және картон өндірушілердің бірі, заманауи жабдықтармен жабдықталған зауыт жылына 55 мың тоннаға жуық макулатураны қайта өңдеп, полигондарға түсетін жүктемені айтарлықтай төмендетеді. Қайта өңделген шикізатты пайдалану: ағашты, суды және энергияны үнемдейді және целлюлоза өндірісімен салыстырғанда парниктік газдар шығарындыларын азайтады.
«Seven Rivers» стенді
«Seven Rivers» жобасы Қызылорда облысындағы қалдықтарды қайта өңдеу жүйесіне біріктірілген шыны зауыты. Кәсіпорын қайта өңделген шикізаттан шыны ыдыс шығарып, жылына 50 мың тоннаға дейін шыныны қайта өңдейтін болады.
Сонымен қатар, экофестивальде ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың, халықаралық жасыл технологиялар орталығының және мектептің оқушыларының экологиялық жобалары ұсынылған көрме аймақтары бар. Шара 23 сәуірге дейін жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/981079?lang=kk
Жауап қалдыру