
Осындай атаумен «Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві» КММ Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 80 жыл толуына орай жылжымалы құжаттық көрменің алғашқы бағытын Қазығұрт ауданынан бастады.
Көрменің негізгі мақсаты Оңтүстік өлкесінен Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлердің ерлігін үлгі ете отырып, соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету, батыр ата-баба рухына тағзым ету, майдандағы және тылдағы теңдесі жоқ ерлік шежіресінің қайсарлығы мен қаһармандығының жарқын айғағы ретінде архив қорында сақталған құжаттар негізінде дайындалған құнды ақпараттарды насихаттау, Қазығұрт ауданы бойынша нақты мәліметтермен таныстыру.
Сондай-ақ жылжымалы құжаттық көрме жергілікті аудан тұрғындарына 1941-1945 жылдарда аталмыш аудандардан майданға аттанған жауынгерлердің жанкешті ерліктеріне арналған фотоқұжаттары мен жеке тектік құжаттарынан жинақталған көрме таныстырылды.
Дәл осылай кезекті жылжымалы құжаттық көрме Келес ауданында болып өтті.
Іс-шараға колледж студенттері, ауданның мемлекеттік мекеме қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері қатысып, тарихи құнды құжаттармен танысты.
№13 колледжде ұйымдастырылған көрмеге Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві қорында сақталған қазақстандықтардың, оның ішінде Келес ауданынан Ұлы Отан соғысына қатысқан қаһарман тұлғалардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесін көрсететін архивтік құжаттар, фотосуреттер, сонымен қатар Келес аудандық архиві қорындағы жеке тектік құжаттар мен аудандық кітапхана материалдарынан жасақталған көрме қойылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sandyk-mem-kysmet/press/news/details/981089?lang=kk
Жауап қалдыру