Есіл бассейндік инспекциясының су пайдаланушылармен “Qazsu”ақпараттық жүйесінде есептілікті тапсыруды түсіндіру жөніндегі кеңесі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Су кодексінің жаңа өңдеуіне сәйкес, «Су ресурсты ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ базасында «Qazsu» су ресурстары Ұлттық ақпараттық жүйесі әзірленіп, іске асырылуда.

Аталған жүйенің мақсаты – су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыруды, нормативтік құқықтық актілерді дайындауды, уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді, халықаралық ынтымақтастықты, сондай-ақ стратегиялық және жедел шешімдерді қолдауды ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, жүйе жеке және заңды тұлғалар болып табылатын су пайдаланушылар үшін ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Осыған байланысты, 2025 жылдың 16 сәуірі Есіл бассейндік инспекциясының Астана қаласы бойынша су пайдаланушыларымен жүйенің мүмкіндіктері таныстыру, функционалын көрсету оқыту семинары өткізілді.

Кездесу аясында «Су пайдаланушылар» модулінің 2-ТП және ПУВ еспетіліктерін қалыптастыру бойынша функционалы, соның ішінде Есіл бассейндік инспекциясының су пайдаланушыларына қатысты мүмкіндіктері талқыланып, жүйені жетілдіру және дамыту бойынша ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kroivr-water/press/news/details/981222?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді