
Елордалық ТЖД-да Департамент бастығының орынбасары Мадияр Мырзагелдиевтің төрағалығымен істерді есепке алу-тіркеу тәртібін бақылау бойынша комиссия отырысы өтті.
Департамент бөлімшелерінің басшылық құрамының қатысумен өткен отырыста ағымдағы жылғы 1 тоқсандағы Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі ақпараттық жүйесінің статистикалық мәліметтері жеткізілді.
Бұдан басқа, қылмыстық бұзушылықтарды қабылдау, тіркеу тәртібі, сондай-ақ өтініштерді, басқа да хабарламалар мен ақпараттарды қарастыру бойынша тәртіптің сақталуы толық және жан-жақты талқыланды.
Отырыстың қорытындысы бойынша заңдылықтың бұзушылықтарын болдырмау мақсатында бірқатар тапсырмалар берілді.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-astana/press/news/details/981600?lang=kk

Жауап қалдыру