
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Көлік министрлігінің өкілдері жоғары сынып оқушыларын көлік-логистика саласымен таныстыруды жалғастыруда.
Бүгін Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ мектеп-лицейінде ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Петропавл қаласының мектеп оқушыларымен кездесті. Жиынға «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Қазаэронавигация» АҚ, “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ” өкілдері, ЖАСҰО филиалының мамандары қатысып, сөз сөйледі. Олар еңбек жолындағы тәжірибесі туралы айтып, көлік саласы туралы егжей-тегжейлі баяндады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы ғана бүкіл ел бойынша министрлік өкілдерінің қатысуымен 800-ден астам кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өткізілді. Бұл шаралар 200 мыңға жуық оқушыны (9-11 сыныптар) қамтыды.
“Көлік саласы қарқынды дамып келеді. Авиациялық жүйені қашықтан басқаратын ұшқыш, робототехника операторы, робототехника инженер-технологы, цифрлық логист, эко-логист, цифрлық логистикалық картаны құрастырушы, кеме жасаушы инженер, цифрлық жобалаушы және т.б. сияқты жаңа мамандықтар пайда болуда”,-деп атап өтті вице – министр.
Бүгін өткен кәсіптік бағдар беру кездесуі аясында оқушылар жоғарыда аталған мамандықтарға үлкен қызығушылық танытты. Кездесу соңында вице-министр мамандық таңдау әр адамның өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/980635?lang=kk
Жауап қалдыру